Бүгін Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жекпе-жектен кейін өткен баспасөз мәслихатында алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Орта салмақтағы боксшылардың бәрімен бокстасқым келеді. «Канеломен» реванш қыркүйекте бола ма? Егер ол дайын болса, мен кез келген уақытта дайынмын. Кіммен болса да жұдырықтасамын. Тоғыз жылдан бері чемпионмын, белбеуім жетерлік. Жігіттер, қаласаңыздар келіп оларды алуға тырысып көріңіздер», - деді Головкин.