Мартиросян нокаутқа дейін ұпай айырмасымен жеңіп тұрған

Мартиросян нокаутқа дейін ұпай айырмасымен жеңіп тұрған

WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жектің статистикасы жарияланды.

Жекпе-жектің бас жағында ұпай айырмасы бойынша Мартиросян ұтып тұрған, бірінші раундты 9-10 есебімен америкалық жеңген. Алайда екінші раундта отандасымыз соққыларын үдетіп, қарсыласын нокаутқа түсірді.

36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр.

Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или