Головкин қарсыластарына: Менің белдіктерімді алуға тырысып көріңдер

Головкин қарсыластарына: Менің белдіктерімді алуға тырысып көріңдер

Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында Геннадий Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды жеңгеннен кейінгі әсерімен бөлісті.

«Мен рингке қайта шықтым және өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Маған қолдау білдірген Қазақстандағы барша достарыма, жанкүйерлеріме алғысымды айтамын», - деді Головкин.

Сонымен қатар ол бүгінгі қарсыласы жайында да жақсы лебізін жеткізді.

«Ванес - ол талапты боксшы, шаршы алаңда бірнеше жақсы соққыларын дарыта алды. Бірінші раундтан кейін бұл кездесу оңайға түспейді деген ойға да келдім. Алайда жекпе-жекті екінші раундта аяқтауға қауқарлы болдым», - деді GGG.

Мұнымен қоса ол 5 мамыр күні өтуі тиіс болған жекпе-жекке қатысты Сауль «Канело» Альвареске қаратып үндеу жасады.

«Мен кез келген қарсыласқа дайынмын. Егер де «Канело» жекпе-жекке дайын болса, мен де дайынмын. Мен көп жылдар бойы чемпиондығымды сақтап келемін. Менің белдіктерімді алғыларың келе ме? Онда жекпе-жекке шығып, тырысып көріңіздер», - деді Генадий Головкин.

Бұдан бөлек Геннадий жанкүйерлеріне бірнеше тілде әлеуметтік желі арқылы өз алғысын айтып үлгерді.

«Қолдау жасағандардың барлығына үлкен рахмет! Thanks a lot to all my fans for your support! Muchas gracias!»,- деп жазды GGG.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или