GGG – Мартиросян кездесуін отандық арналар тікелей эфирде көрсетеді
Қазақстандық бокс жанкүйерлері WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекті отандық телеарнадан көре алатын болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Қазақстан Телерадиокорпорациясы аталған жекпе-жекті трансляциялау туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін мәлімдеді.
Қазақстандық жанкүйерлер 6 мамыр күні таңғы сағат 07:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан аталған бокс кешін тікелй эфирде тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или