Головкин 2014 жылы төрт кездесу өткізбек

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин 2014жылы шаршы алаңда төрт кездесу өткізеді деп жоспарлануда. Боксшы бұл туралы BoxingScene.com.сайтына берген сұхбатында мәлімдеген.

Күрзі жұдырықты жігіттің келесі айқасы бірінші ақпанда Монто-Карлода (Монако), өтеді. Алайда, әзірге қарсыласының аты-жөні белгісіз.

Өткен сенбіде қазақстандық былғары қолғап шебері Нью-Йорк қаласында американдық Кертис Стивенспен кездесіп, жекпе-жектің 8 раунтында-ақ айқын жеңіске жеткен болатын.

Головкин кәсіби рингтегі алғашқы белбеуін 2010 жылы ұтып алып, оны тоғыз рет қорғап қалған. Қарағанды бокс мектебінің түлегі шаршы алаңда бірде бір жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Қазақтың сары баласы аталып кеткен Гена 28 рет жеңіске жетіп, оның 25-ін нокаутпен яғни мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или