Головкин мен Мартиросян жекпе-жегін қайдан көрсе болады
Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) жекпе-жегі 6 мамыр таңертеңгі 9:00 -де шетелдік телеарналар, соның ішінде, америкалық HBO, британиялық BoxNation, ресейлік «Матч! Боец» арналарында тікелей эфирде көруге болады.деп хабарлайды Prosports.kz
Жекпе-жекті «Qazsport», «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналары көрсетуі-көрсетпеуі әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Мартиросян Карсондағы StubHub Center аренасында (АҚШ, Калифорния штаты) жұдырықтасады.
1XBET букмекерлік кеңсесінде мынадай бәс тігілді: Головкиннің жеңісіне 1.03, Мартиросян жеңсе 20, екеуі тең түссе 59 коэффицент болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или