Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз түйістірді

Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз түйістірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық спортшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) жекпе-жек алдында көз түйістірді, деп хабарлайды Baq.kz.

Головкин мен Мартиросян 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренада (АҚШ, Калифорния штаты) бокстасады.

1XBET букмекер компаниясы жекпе-жекке бәс тігіп қойды. Головкиннің жеңісіне 1.03, Мартиросян жеңсе 20, екеуі тең түссе 59 коэффицент болады.

Бұған дейін Мартиросян осы кездесу арқылы әлемді таңғалдырып, лақап атының неліктен «Кошмар» екенін дәлелдеймін деген. Сонымен қатар ол өзін қазірден «жеңдім» деп жариялап қойды және Головкиннің бұрынғы қарсыластары ол рингке шықпай тұрып жеңілді деген мәлімдеме жасады.

Ал Головкин жекпе-жектің оңай болмайтынын және қауіпті екенін айтты. Сондай-ақ ол өз фанаттарына «естен кетпес шоу» жасайтынын ескертті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или