Дэниел Джейкобс: Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін

Дэниел Джейкобс: Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін

WBA тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО) Геннадий Головкинді реваншта сұлататынына сенімді екенін айтты.

Жақында ғана польшалық Мацей Сулецкийді (26-1 10 КО) жеңген Дэниел Джейкобс Головкинмен реванш болса, жеңетініне сенімді екенін айтты.

«Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін. GGG-дан жеңілгеннен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Меніңше, мен Головкинді жеңдім. Мені көбісі 6 раундтан аспай нокаутқа түседі деп ойлады. Алайда мен өз үстемдігімді көрсеттім», – деді Дэниел.

Айта кетейік, Дэниел Джейкобс отандасымыз Геннадий Головкинге қарсы 2017 жылдың 18 наурызында жекпе-жек өткізген. Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен жекпе-жекте 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или