Ресей боксшысы Абдусаламов комаға түсті

Ресей боксшысы Абдусаламов комаға түсті
<p style="text-align: justify;"> <strong>Магомед Абдусаламов қолының сынуына байланысты бокстық карьерасында бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ресей боксшысы сенбі күні кубалық Майк Переспен Нью-Йоркте өткен кездесуден кейін жасанды комаға енгізілді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Медициналық тексеру барысында ол өзін жақсы сезінетінін айтқан. Алайда біраз уақыттан кейін басының қатты ауырып тұрғанына шағымданған. Дәрігерлер қосымша тексеру жүргізіп, Абдусаламовтың миында қанның ұйып қалғанын байқап, оны жасанды комаға енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам оның бас миының зақымдануын болдырмау үшін жасалды, деп хабарлайды BoxingScene.</p> <p style="text-align: justify;"> Кездесуден кейін, ресейлік спортшының бірінші раундта-ақ, қол буынын зақымдап алғаны анықталды. Арнайы тексеру оның қолының сынық екендігін көрсетті.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или