«Астана арландарының» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды
«Астана арландарының» Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Worldseriesboxing.com сайты.
Бүгін Щвецарияның Лозанна қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында жолығатын командалардың жеребесі тартылды. «Қытай айдаһарларын» тас-талқан етіп ұтқан «Арландар» жартылай финалда Ұлыбританияның «British Lionhearts» командасымен кездеседі. Қос команда арасындағы алғашқы жекпе-жек 18-19 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, «Астана арландары» топтық кезеңде «Қытай айдаһарларын» екі рет айқын басымдылықпен ұтқан болатын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или