Головкин «Канеломен» жекпе-жегі туралы шындықты айтты

Головкин «Канеломен» жекпе-жегі туралы шындықты айтты

Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN LA радиосына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареске қарсы алғашқы жекпе-жегінде қандай кемшілік жібергенін айтты.

"Алғашқы жекпе-жек мен үшін де, ол үшін де 100% сәтті болған жоқ. Кейде соққыларым тимей жатты, өйткені ол тым көп қимылдады. Жекпе-жекке дейін ол: "мен нағыз мексикалықпын, мен оның тас-талқанын шығарып, нокаутқа түсіремін" деген еді, тағы басқа осы сарындас әңгімелер айтты. Сонда мен: "жарайды, мен дайынмын, оны қалай жасайтыныңды көрсете ғой" дедім. Алайда рингте ол бір орнында тұрмады, әрі-бері жүрумен болды. Дегенмен, әрине, бұл менің кемшілігім. Оны драмалық стилде ұра алмадым. Ендеше келесі жолы сәті түсіп қалар…", — деді Геннадий Головкин. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или