IBF белбеуіне қатысты мәселе Головкинге кесірін тигізе ме
Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (12-0, 10) промоутері Лу Дибелла Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) қазақстандық Геннадий Головкиндегі ұйым белбеуіне қатысты шешіміне пікір білдірді.
Мұның алдында IBF орта салмақта осы ұйым белбеуіне ие Головкинге бірнеше шартты орындаса, Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекті кейінге қалдыруға рұқсат берген. Ең бастысы Головкин чемпиондық атағын 2018 жылдың 3 тамызына дейін қорғау керек. Олай болмаған жағдайда қазақстандық белбеуінен айырылады.
Деревянченко командасы IBF ұйымының бұл шешіміне қанағаттанды және Головкинді атағынан дереу айыру туралы сұраған жоқ.
- Түсінеміз, бұл жағдайда Головкин кінәлі емес. Кінә Канелодан. Бірақ біз - міндетті қарсыласпыз және осы атақ үшін жұдырақтасуға құқымыз бар. Деревянченко бос тұрған белбеуге таласқысы келмейді. Оның арманы - Головкинмен жұдырықтасу, - дейді Дибела.
Өзінің келесі жекпе-жегін Головкин 5 мамырда Карсон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 KO) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте қазақстандық тек үш атағын қорғайды, өйткені IBF бұл жекпе-жекке рұқсат бермеді.