ESPN телеарнасы нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Qsport.kz.
Орта салмақтың көшін WBA, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бастап тұр. Ал екінші орынға америкалық Дэниэл Джейкобс жайғасқан. Үздік үштікті британиялық Билли Джо Сондерс түйіндеді.
Ал мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттетілгеніне байланысты рейтингінің үздік ондығына ілінбеді.
ESPN телеарнасының рейтингісі:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)
3. Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания)
4. Джермалл Чарло (АҚШ)
5. Сергей Деревянченко (Украина)
6. Риота Мурата (Жапония)
7. Давид Лемье (Канада)
8. Деметриус Андраде (АҚШ)
9. Мартин Мюррей (Ұлыбритания)
10. Хассан Н’Дам (Франция).