Әлем чемпионатында VAR жүйесі бойынша қызмет атқаратын төрешілер

Әлем чемпионатында VAR жүйесі бойынша қызмет атқаратын төрешілер

Футбол қауымдастығы халықаралық федерациясының (FIFA) төрешілік комитеті 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатында видеоқайталау жүйесі бойынша қызмет атқаратын төрешілерді тағайындады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Халықаралық футбол федерациясының ресми сайтында Әлем чемпионатында жұмыс істейтін 13 арбитрдің есімі жарияланды. Олар Әлем чемпионаты тарихында алғаш рет қолданылғалы отырған видеоқайталау техникасына (VAR) жауап беретін болады.

Бір қызығы осы 13 төреші Әлем чемпионаты барысындағы барлық матчта қызмет етеді. Олар бір орталықта отырып, барлық ойынды қадағалайды.

Бұл қызметке ұлттық лигаларда VAR жүйесінде жұмыс істеп жүрген тәжірибелі мамандар шақырылды. Айталық, аталған тізімде Италия А сериясынан 3 арбитр, Германия Бундеслигасынан 2, Португалия Премьер лигасынан 2 төреші бар. Себебі, осы чемпионаттар биылдан бастап бейнеқайталау жүйесіне жүгінген болатын.

Аталған 13 төреші мыналар:

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) - Бастиан Данкерт, Феликс Цвайер (екеуі де - Германия), Артур Диас Соареш, Тиаго Бруно Лопеш Мартинш (екеуі де - Португалия), Павел Гил (Польша), Массимилиано Иррати, Даниэле Орсато, Паоло Валери (бәрі - Италия), Данни Маккели (Нидерланды);

Азия футбол конфедерациясынан (AFC) - Абдулрахман Аль Джассим (Катар);

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясынан (CONMEBOL) - Уилтон Сампайо (Бразилия), Джери Варгас (Боливия), Мауро Виглиано (Аргентина).

Естеріңізде болса, осының алдында FIFA Әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілер мен төрешілердің көмекшілерінің есімін жарилаған болатын. Онда матчтарға алаңда төрелік ететін 36 арбитрдің және олардың 63 көмекшісінің аты аталған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или