Әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілердің тізімі жарияланды
Футбол қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIFA) 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілер мен төрешілердің көмекшілерінің есімін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Халықаралық футбол федерациясының ресми сайтында Әлем чемпионатында жұмыс істейтін 36 арбитрдің және олардың 63 көмекшісінің аты аталған.

Бір қызығы, бұл тізімге бірде-бір англиялық төреші енбей қалған. Бұндай жағдай 1938 жылдан бері алғаш рет кездесіп отыр.

Әлем чемпионаты үшін судьяларды іріктеу 2014 жылдың қыркүйегінде басталды. Соңғы тізімге 46 елден өкілдер еніп отыр. Сәуірдің екінші жартысында таңдап алынған төрешілер Коверчанода (Италия) жиналып, Әлем чемпионатына дайындықты бастайды.