Головкин: Мақсатым – барлық белбеудің басын қосу
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта барлық белбеудің басын біріктіру – басты мақсаты екенін айтты.

Сонымен қатар ол америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жекте қателікке жол бермейтініне сенімді.
- 5 мамырда нағыз жекпе-жек болады. Мен онда жеңіліп қала алмаймын. Қателесуге құқығым жоқ. Мартиросянды мен Афинада өткен Олимпиада ойындарында кездестірдім. Ол өте жақсы жігіт. Қалай дегенде, бокс – бұл ойын еместігін айта кету қажет. Бір соққы бүкіл жекпе-жектің тағдырын шешеді. Барлығына дайынмын. Мен өз стилімді білемін, күш-жігерімді де білемін. Өзімді жақсы қалыпта сезінемін. Шаршы алаңда мүлдем басқа адам боламын. Менің мақсатым – орта салмақта барлық белбеудің басын қосу. Алдымда кім тұрса да мейлі. Шаршы алаңға шыққанымда, бұл менің күнім екенін білемін, – деді Головкин
boxingnews24.com порталына берген сұқбатында.
Еске салайық, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді.