Шетелдік БАҚ Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы дебютін талқылауда
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі қоғамның назарын ерекше аударды. Америкалық боксшы Ноа Киддке қарсы жекпе-жектегі жарқын әрі нәтижелі жеңісін барлығы дерлік - қарапайым тұрғындардан бастап бокс әлеміндегі сарапшыларға дейін талқылауда, әрі оның рингке кезекті рет шығуын тағатсыздана күтуде.

Елеусіновтің жеңісі біздің елде ғана емес, шетелде де бас бармақпен бағаланып, қызу талқыға түсті. Оған дәлел - Twitter әлеуметтік желісінде белгілі бір уақыт аралығында қазақстандық боксшының есімі жиі аталып, бұл көрсеткіш бойынша Ұлыбританияда төртінші орынды иеленді.

Оған қоса, Даниярдың жетістігін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, оның басым тұстарын айқын көрсетуде. Мәселен, беделді TheRing порталының шолушысы Райан Сонгалия қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі туралы мынадай пікір білдіріпті:

- Данияр байсалды кәсіпқой боксшыға ұқсады. Бұл оның мансабының бастамасы ғана және ол қарсыластың осал тұсын түсінуге тырысып бақты. Қазақстандық күшін жинаған тұста Киддті сол жақтан соққан мығым кроссымен сұлатып түсіріп, кездесудің «тағдырын» корпусқа тиген соққылармен шешті. Мен Данияр бұл күннен кейін шеберлігін шыңдай түседі деп ойлаймын. Оның жылдамдығы мықты әрі ринг туралы көп біледі. Оның дивизионындағы спортшылардың қатарында мұндай терең білімі бар боксшылар аз, - дейді сарапшы.

Қазақстандықтың промоутері көңіл-күйі жақсы екенін танытып, клиентінің кәсіпқой рингтегі екінші кездесуінің ресми аңдатпасын дайындап жатқанын білдірді.

- Менің жолым болды. Себебі, қазақстандық жас спортшыны әлем чемпионы титулына жетелеу бақыты бұйырды. Данияр Елеусінов маусым айында Ұлибританияда шаршы алаңға шығып, қолғап түйістіреді. Аңдатпасы жақында жарияланады, - деп жазды Эдди Хирн өзінің Twitter-дегі парақшасында.

MatchroomBoxing иесінің мәлімдемесінен Елеусіновтің маусымда өтетін келесі жекпе-жегіне екі нұсқа қарастырылып жатқанын аңғаруға болады.

Алғашқысы 6 маусымда Лоуренс Околи - Люк Уоткинс кездесуінің андеркардында өтуі мүмкін. Екіншісі, Ньюкаслда болуы ықтимал. Мұнда 16 маусымда Джош Келлидің қатысуымен бокс кеші өтеді.

Даниярдың қарсыласы болуы мүмкін спортшылардың есімдері құпия қалпында сақталып отыр. Десе де, ол британдық боксшы болуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай қадам жергілікті жұртшылықтың жекпе-жекке назарын аударта алады. Қазіргі уақытта Эдди Хирнге керегі де сол. Оның мақсаты – спортшыны қалың көпшілікке таныстыру.

Сонымен қатар, бұл мемлекеттің бокссүйер қауымы 2016 жылғы Олимпиаданы ұмыта қойған жоқ. Дәл осы бәсекенің 1/8 кезеңінде Данияр Елеусінов британдық спортшы Джош Келлидің жолын кесіп, жарыстан ығыстырған еді. Кейін Джош Келли де кәсіпқой боксқа ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или