Головкин - Мартиросян андеркардында өнер көрсететін боксшылар белгілі

Головкин - Мартиросян андеркардында өнер көрсететін боксшылар белгілі

6 мамыр күні Карсон-Ситидегі (Калифорния, АҚШ) Stubhub Center стадионында өтетін Головкин мен Мартиросян жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсететін боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аталған бокс кешінде қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян және тағы бес жұп боксшы өнер көрсетеді. Бұл жекпе-жектердің үшеуі чемпиондық белбеу үшін өтеді.

1. Джесси Родригес (5-0, 3 КО) — Армандо Васкес (25-21-1, 6 КО) (Ең жеңіл салмақ дәрежесінде)

2. Брайан Себальо (1-0, 1 КО) — Нэм Фан (3-5, 2 КО) (Жартылай орта салмақ)

3. Руслан Мадиев (11-0, 5 КО) — Хесус Перес (21-0, 16 КО) (Бірінші жартылай орта салмақ, титулдық жекпе-жек)

4. Райан Мартин (21-0, 12 КО) — Брейдис Прескотт (31-12, 22 КО) (Бірінші жартылай орта салмақ)

5. Сесилия Брекхус (32-0, 9 КО) — Кали Рейс (13-6-1, 4 КО) (Жартылай орта салмақ, титулдық жекпе-жек)

6. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) — Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) (Орта салмақ, титулдық жекпе-жек).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или