Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін 20 мың доллар төледі

Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін 20 мың доллар төледі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин чемпион атағын сақтап қалу үшін, Халықаралық бокс федерациясына (IBF) 20 мың доллар төледі.

Бұл туралы ESPN басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Головкинге атағын сақтап қалу үшін, 90 күн, яғни биылғы жылдың 3 тамызына дейін уақыт берді.

Боксшының «Канеломен» жекпе-жегі болмай қалғаннан кейін, Головкин IBF титулына үміткер украиналық Сергей Деревянченко мен кездесуі керек еді. Алайда Головкиннің командасы аталған жекпе-жекті өткізуге қызығушылық танытпады.

Мұнан кейін WBA Super, WBC мен IBO титулдарына үміткер америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізу туралы шешім қабылданды. Аталған жекпе-жек 5 мамырда Калифорниядағы StubHub Center аренасында өтеді.

Головкиннің командасы 90 күнге кейінге қалдыру мерзімін сатып алды. Сондықтан әзірге ол IBF титулынан айырылмайды. Алайда ендігі ол Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге міндетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или