Надаль Барселона турнирінде топ жарды

Надаль Барселона турнирінде топ жарды

Рафаэль Надаль Барселона турнирінде 11-мәрте топ жарды.

Финалда ол грек теннисшісі Стефанос Циципастан 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. 1 сағат 18 минутқа созылған ойында Надаль бірде-бір «эйс» жасаған жоқ. Алайда қарсыласының соққыларына лайықты жауап қатып отырды. Әлемнің бірінші ракеткасы құмды кортта өз үстемдігін дәлелдей түсті. Испаниялық теннисші бір апта бұрын Монте-Карлодағы «Мастерсте» жеңіске жеткен еді.

Рафаэль Надаль, теннисші:

– Соңғы екі күні мен тамаша ойынымды көрсеттім. Барселонадағы он бірінші жүлдемді ұтып алғаныма қуаныштымын. Мұнда апта бойы мені жанкүйерлер қолдап отырды. Өз ойныма өзім риза болып жүрмін. Циципас – қиын қарсылас. Оның болашағы алда. Финал керемет өтті деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или