Ронда Роузи Головкин — Мартиросян жекпе-жегін тамашалайды
UFC бұрынғы чемпионы Ронда Роузи 5 мамыр күні өтетін орта салмақтағы WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекті тамашалайды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Рестлингте бақ сынап жүрген Ронда қазақстандық боксшының жақын досы. Сондай-ақ, ол Головкиннің қарсыласы Ванес Мартиросянмен бірге бір бапкердің қол астында жаттығады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасындағы кездесу Калифорния штатындағы Карсон қаласында орналасқан StubHub Center аренасында өтеді. Кездесуде Головкин WBA, WBC және IBO чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады. Бұдан бөлек, қос боксшы WBC Синко де Майо мейрамына арнайы жасаған белбеуін арапқа салады. Негізі, әу баста отандасымыз бұл күні Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді