Надаль Барселонадағы турнирде топ жарды
<span>Рафаэль Надаль Барселона турнирінде 11-мәрте топ жарды. Финалда ол грек теннисшісі Стефанос Циципастан 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. </span>
<span>1 сағат 18 минутқа созылған ойында Надаль бірде-бір «эйс» жасаған жоқ. Алайда қарсыласының соққыларына лайықты жауап қатып отырды. Әлемнің бірінші ракеткасы құмды кортта өз үстемдігін дәлелдей түсті. Испаниялық теннисші бір апта бұрын Монте-Карлодағы «Мастерсте» жеңіске жеткен еді. </span>
<span>– Соңғы екі күні мен тамаша ойынымды көрсеттім. Барселонадағы он бірінші жүлдемді ұтып алғаныма қуаныштымын. Мұнда апта бойы мені жанкүйерлер қолдап отырды. Өз ойныма өзім риза болып жүрмін. Циципас – қиын қарсылас. Оның болашағы алда. Финал керемет өтті деп ойлаймын, - деді Рафаэль Надаль.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или