Мартиросян: Головкиннен қорықпаймын
Америкалық боксшы Ванес Мартиросян қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы алдағы кездесуі жайлы ойын айтты.
«Геннадийден қорықпаймын, онымен жұдырықтасуға психологиялық тұрғыда дайынмын. Бәрінің де осал тұстары бар. Соны іздеп табамын. Тағдыр маған сый жасады, мен соны пайдалануға тырысамын. Сіз мұндайды ешқашан жоспарлай алмайсыз, бірақ дайын жүруіңіз керек. Сондықтан, мен ешқашан дайындықты доғарған емеспін», - деді Мартироян.
Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян жекпе-жегі 6 мамырда таңатпай Карсон-Ситидегі Stubhub Center стадионында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или