Джейкобс: Орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді

Джейкобс: Орта салмақта ең мықты екенімді дәлелдегім келеді

<span>Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен шаршы алаңда тағы күш сынасуға үмітті. </span>

<span>"Асыға күтетін жекпе-жегім. Орта салмақта ең күшті екенімді дәлелдегім келеді. Түзете алатын бірнеше дүние бар, бокста. Артқа қарап, не істей алатыңызды бағамдай аласыз. Ал мен ең мықты екенімді дәлелдегім келеді", - дейді Джейкобс Boxingnews24.com порталына. </span>

<span>Еске салайық, боксшылар былтыр наурызда жұдырықтасқан. Ол кезде төрешілер шешімімен (115-112, 115-112 и 114-113) қазақстандық боксшы жеңіске жеткен. Жақында америкалық боксшы польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, WBA чемпионына міндетті қарсылас атанды. Қазір бұл белбеу Геннадий Голвкинде.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или