Данияр Елеусінов маусым айында жекпе-жек өткізеді
Бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтты.
Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен отандасымыз 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсеткен Данияр 3 раундта жойқын соққыларын дарытып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевтің айтуынша, Данияр келесі жекпе-жегін маусым айының 6-сы күні Лондон қаласында өткізеді. Әзірге қарсыласы белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или