Чемпиондар осылай туады: Қуат Хамитов Шәрібаевқа қолдау көрсетті

Чемпиондар осылай туады: Қуат Хамитов Шәрібаевқа қолдау көрсетті

Қазақ жанкүйерлеріне «Найман» деген лақап атпен танымал ережесіз жекпе-жек батыры Қуат Хамитов таяуда чемпиондық айқасында жеңіліп қалған кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевқа қолдау көрсетті.<span id="more-6127" />

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 13 күні АҚШ-тың Индио қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Айдар Шәрібаев америкалық Эндрю Канчиомен WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласып, кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.

– Мағынасыз 10 жеңістен гөрі осындай бір айқас артық. Бәрі алда. Чемпиондар осылай туады, – деп Айдар Шәрібаевтың инстаграмдағы парақшасында<span> </span>Қуат Хамитов<span> </span>қолдау білдірді.

Ал Шәрібаевтың өзі аз-кем демалыстан кейін жақын арада жаттығуға қайта кіріседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или