Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксшылар арасындағы рейтингі белгілі болды

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксшылар арасындағы рейтингі белгілі болды

<span>Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Boxrec.com сайты.</span>

<span>Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен отандасымыз америкалық Ноа Кидтті техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін, әлемдік рейтингте нешінші орынға жайғасқаны анықталды. Отандасым өз салмағындағы 2022 спортшының ішінен 893 орынға көтерілген. Ал осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық 6 боксшының ішінде 5 орында тұр. Отандық боксшылар арасында бұл салмақта Жанқош Тұрар көш тізгінін бастап тұр.</span>

<span>Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или