Қайта ол аман қалды: АҚШ журналисі Димаш Ниязовтың алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді
АҚШ журналисі Грег Логан Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязовтың кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 29 сәуірде, Димаш Ниязов мексикалық боксшы Анхель Саринанамен жекпе-жекке шығып, жеңіліс тапқан еді.
Журналист Грег Логанның айтуынша, мексикалық боксшының соққысы ауыр болған.
«5-раундта Саринана оң жақтан соққы беріп, Ниязовты құлатты. Қайта ол аман қалып, бір ауыз шешіммен жеңіліс тапты. Бұл соққы ауыр болған еді», – дейді Логан Twitter желісіндегі парақшасында.
Бұл жекпе-жекте Саринана қарсыласы Ниязовты екі рет нокдануға жіберген. Ал төрешілер жазбасына 59-52, 59-53, 58-54 түріндегі сандар жазылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или