Елеусінов Ұлыбританияда да танымал бола бастады

Елеусінов Ұлыбританияда да танымал бола бастады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың дебютін тек отандық жанкүйерлер ғана тамашалаған жоқ.

Твиттердегі трендтерді сараптайтын Trends24.in сайтының ақпаратына сүйенсек, Ұлыбританияда Елеусінов туралы жазбалар көбейіп, Данияр трендте төртінші орын алған.

Естеріңізге салсақ, Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізіп, америкалық Ноа Киддті үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Енді Данияр келесі кездесуін маусымның басында Ұлыбританияда өткізеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или