Данияр Елеусінов: Жекпе-жекке дайынмын
РиоОлимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
<span>«Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын» -, деп жазды Данияр Елеусінов өзінің Instagram парақшасында.</span>
Бруклиндегі Barclays Center аренасында ертеңгі бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Америкада тұратын қазақ Димаш Ниязов жеңіл салмақ дәрежесінің лимитінен асқан жоқ – 138,6 фунт. Ал оның қарсыласы Ангел Саринаның салмағы 138,6 фунт болды. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Таразыда ол 150,6 фунтты көрсетсе, қарсыласы Ноа Киддтің салмағы 150 фунт болды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл кештің басты жекпе-жегінде Дэниэл Джейкобс пен Мацей Сулецки жұдырықтасады. Турнир 29 сәуірде таңда өтеді. Ал тікелей трансляцияны<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайтынан көруге болады.