«Арманға жол» жартылай марафоны биыл да жалғасады

«Арманға жол» жартылай марафоны биыл да жалғасады

Қарағандыда осымен екінші рет жалпыхалықтық «Арманға жол» жартылай марафоны өтеді, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Биыл марафон 20 мамырға жоспарланып отыр. Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгіре алады.

Сонымен төрт қашықтық былай:

«Арманға жол» – 21 шақырым;

«Спутник» – 14 шақырым;

«Достық» –7 шақырым;

«Балапан» – 2 шақырым.

– «Арманға Жол 2018» жартылай марафонның жолы IAAF сертификатына ие болды. Жартылай марафонда жоғары дəрежелі ұлттық төрешілері қызмет етеді. Марафонның жалпы жүлде қоры – 8 миллион теңге. Жартылай марафонда жеңіске жеткен ер және әйел атлет әрқайсысы 1 миллион теңгеден алады. Қазіргі таңда «Арманға жол» жартылай марафонына 1000-нан астам адам тіркеліп үлгерді. Қарағандыға Америка, Чехия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетінен спортшылар келеді, – дейді Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Дмитрий Карпов.

Қазақстанда осындай бұқаралық сипаттағы іс-шараларды өткізу кезінде қатысушыларды электрондық тіркеу үшін Qazrun жобасы қолға алынған болатын. «Арманға жол» марафонын ұйымдастырушылар да осы мүмкіндікті пайдаланбақ. Ал жүгірушілердің нәтижелерін «Chronotrack» жүйесі есепке алады.Онсыз бірде-бір халықаралық марафон, кәсіби тұрғыда есепке алынбайды.

Былтырғы жылы ерлер арасында  Шығыс Қазақстан облысынан келген Андрей Лейменов жеңіске жеткен болатын. Әйелдерден алматылық Мария Карабицкая топ жарып еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или