Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі қарсаңында сөз сөйледі

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі қарсаңында сөз сөйледі

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Дэниел Джейкобс (33-2, 29 КО) - Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) бокс кешінің қарсаңында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды today.kz.

- Өз командама, ұйымдастырушыларға және Қазақстан халқына, бізге көмектескен барша ағайынға қолдау білдіріп жатқандары үшін алғыс айтқым келеді. Кәсіби саяхатым осындай оқиғадан бастау алып жатқаны үшін толқып тұрмын! - деді Елеусінов. 

Естеріңізге сала кетейік, Данияр өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 28 сәуірде (Қазақстан уақытымен 29 сәуір таңертең) өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или