Данияр Елеусінов Америкада ашық жаттығу өткізді

Данияр Елеусінов Америкада ашық жаттығу өткізді

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында АҚШ елінде ашық жаттығу өткізді.

Данияр Елеусінов жеңіліп көрмеген америкалық Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) өткізетін жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Данияр 28 сәуір күні Бруклинде өтетін Джейкобс  Сулецки арасындағы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсетеді. Отандасымыз бірінші жартылай орта салмақта 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізеді. Сондай-ақ бұл кеште Димаш Ниязов та мексикалық спортшы Ангел Саринанаға  (7-7-2, 3 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или