Билли Джо Сондерс: Головкин менімен жұдырықтасуға қорқады
<span>WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннің қорыққанынан жұдырықтасқысы келмей жүргенін айтты, деп хабарлайды Daily Star сайты. </span>
<span>Орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі Билли Джо Сондерс WBC, WBA Super, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) не үшін өзіне қарсы жекпе-жек өткізгісі келмей жүргенін айтты. Ол өз сөзінде: «Егер GGG менен ешқандай қауіп көрмей, расымен жұдырықтасқысы келсе, бұл жекпе-жек баяғыда болар еді. Бірақ Головкиннің командасы бұл жекпе-жектің қомақты қаржы әкелмейтінін біледі. Головкин мен Канело осы жылы рематч өткізіп, әрқайсы кем дегенде 50 млн АҚШ долларына ие болуды көздейді. Бірақ дәл осы жекпе-жек алдында Геннадий неге маған қарсы жұдырықтасып, барлық белбеулерді иеленгісі келмейді? Өйткені, ол менімен жекпе-жекке шығудан қорқады. Егерде Головкин үшін бұл жекпе-жек қиын болмаса, еш ойланбастан жұдырықтасар еді», – деді Сондерс. </span>
<span>Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 23 маусым күні Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Ал Геннадий Головкин 5 мамыр күні Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады. </span>