Ақжүрек Таңатаров Қазақстан чемпионатында белдеседі
<span>Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров күрес түрлерінен өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.</span>
<span>Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Шымкетте өтетін ел біріншілігінде белдеседі. 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде еліміздің ең үздік балуандары өнер көрсетіп, Азия ойындарына жолдама алу үшін барын салады. Таңатаров бұл додада 74 келі салмақта сынға түседі.</span>
<span> Айта кетейік, Ақжүректің салмағында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Данияр Қайсанов пен Жігер Закиров және Болат Сақаев сында мықты балуандар бар.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или