Данияр Елеусінов жекпе-жек өткізу үшін Нью-Йоркке барды

Данияр Елеусінов жекпе-жек өткізу үшін Нью-Йоркке барды

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегі өтетін уақыт жақындап келеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін Данияр өзінің  Instagram желісінде сурет жүктеп, алғашқы кездесуін өткізу үшін Нью-Йорк (АҚШ) қаласына келгенін жазды.

- Міне, мен де Нью-Йоркке келдім. 28 сәуір күні осында Димашпен бірге жекпе-жек өткіземіз, деп жазды Данияр.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) жұдырықтасатын болады.

22 жастағы америкалық боксшы екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Елеусінов – Кидд арасындағы айқас алты раундқа жоспарланып отыр. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или