Үндістандық басылым Қазақстанды айыптады

Үндістандық басылым Қазақстанды айыптады

Үндістандық The Indian Express басылымы бокстан өткен әлем чемпионатында төрешілердің Қазақстанға болысқанын меңзеді.

«Қазақстан Астанада өткен бокстан 2013 жылғы әлем чемпионатында айқын басымдылыққа ие болып, 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленді. Екі қатысушысынан басқасының бәрі жүлдеге ілікті. 2011 жылы Әзірбайжанда өткен әлем біріншілігінде қазақтар 2 күміс, 1 қола медальмен жарысты аяқтаған. Ал 2012 жылы Лондон Олимпиадасы кезінде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алды. Қазақтардың өз алаңында басымдылыққа ие болуы ешкімнің күмәнін туғызбайтын шығар.

Қазақстан бұрыннан бері әуесқой бокста үлкен күшке ие. Әйтсе де, турнирді өткізуші мемлекет көбірек жүлде алады және сырт алаңда қиыншылыққа тап болады. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасы кезінде Қытай 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған-ды, ал Афиныда жалғыз қоланы місе тұтқан-ды. Үндістан да мұртын майлады. 2010 жылы Достастық ойындары кезінде Мельбурндағы жалғыз алтынды үш еселеді. 2006 жылы екі алтынға ие болған Австралия Делиден құр қол қайтты. Лондонда 3 алтын, күміс пен қоланы қоржынына басқан Британия Астанадан небәрі екі қола жүлде жеңіп алды (Оның біреуі Англия, екіншісі Уэльс үшін).

Мұның бәрі өз алаңдағы артықшылықтың болатынын көрсетеді. Бірақ, бұл – сайысты өткізуші ел жол жүріп шаршамай, жарысқа тыңғылықты дайын болатынымен қатысы жоқ. Ауыр және жеңіл атлетика секілді спорт түрінде жеңімпаз объективті факторға байланысты анықталса, гимнастика мен бокста төрешілер көмектеседі. Бокс – әлемдік дәрежеде дау-дамайға іліккен спортың бірі. 1988 жылы Сеул Олимпиадасы кезінде Оңтүстік Корея боксшысы Пак Си Хун АҚШ-тан келген былғары қолғап шебері Рой Джонсты жеңуінің соңы үлкен дауға ұласып еді», – делінген аталмыш мақалада.

Қазақстанды нақты айыптамаса да, емеурін танытқан мақала авторы бір нәрседен қатты қателесіпті. Әлем чемпионаты Астанада емес, Алматыда өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или