Стивенс: «Головкинмен шықпай-ақ қоярмын, бәлкім»
<p>
<strong>2013 жылдың 2 қарашасында Кертис Стивенс пен Геннадий Головкиннің арасында сайыстың өтетіні баршамызға белгілі. Осыған орай, қайта-қайта Америкалық боксшыға көңіл айтқан тілшілер қауымы әбден зығырданын қайнатып бітті Стивенстің.</strong></p>
<p>
«Құдды бір Головкиннен ұтылғандай болып отырмын қазірдің өзінде. БАҚ беттеріндегі сұхбаттарда «Головкин Стивенстен кейін Уордпен кездесе ме, жоқ әлде басқамен бе...» деген ақпараттарды жиі оқитын болдық. Бәлкім маған тиесілі ақшаны бере саларсыңдар, рингке шықпай-ақ қояйын. Қазір адамдардың ойында не жүргенін білмеймін. Бірақ, бір айтарым 2 қарашада қиян-кескі төбелес жасаймын. «Құдай-ау не боп кетті өзі, ақшаны қалай ғана Стивенске тікпедік» деп сан соғасыңдар бәрің әлі-ақ», - дейді америкалық боксшы.</p>
<p>
Естеріңізде болса, Головкин Стивенстің айтқан сөздеріне мән бермеңіздер, айта береді дегені бар еді. Қасқырдан қайрат қашса, ешкіні апа дейтіні бар емес пе. Бұрын жеңіл салмақта қарсыластарын нокаутпен ұтса ұтқан шығар. Алайда, ол қазір басқа деңгейге өткенін есепке алмай отыр. Артық айтып, астамшылыққа берілмей-ақ қояйық, уақыт бәріне де сыншы. Асығып-аптықпаңыздар, уақыты келіп бәрі мәлім болады», - деді Головкин баяғы кішіпейіл қалпын сақтап.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или