Мырзағали Айтжанов: «Бәрі Дычконың өзіне байланысты...»

Мырзағали Айтжанов: «Бәрі Дычконың өзіне байланысты...»

Қазақ бокс жанкүйерлеріне төрт алтын сыйлаған әлем чемпионатының аяқталғанына апта толған жоқ. Алтай мен Атыраудың арасы мәре-сәре болып жатқан осы күндері ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті. Шымкентке, отбасына оралған беті екен.

– Шәкірттеріңіз алға қойған мақсатты орындады ма?

– Асыра орындады! Естеріңізде болса, чемпионат қарсаңында «екі алтын алуды межелеп отырмыз» дегенмін. Алайда, ол қазақтың «арық айтып, семіз шық» деген пәлсапасының төңірегіндегі әңгіме еді. «Екі алтын» дедік, ойымызда үш, әлде төрт алтын тұрды. Және сол үш немесе төрт алтынды алатынымызды іштей сездік.

– Егер әлем чемпионаты Қазақстанда өтпей, басқа мемлекеттердің бірінде өткенде қанша алтын алған болар едік?

– Кемі екі алтын алған болар едік. Бәлкім, үшеу де болар ма еді... Естеріңізде болса, мұның алдында Бакуде өткен әлем чемпионатында да екі алтынға шамамыз бар еді ғой. Жанкүйерлер сол кезде Серік Сәпиевтің де, Әділбек Ниязымбетовтің де өнерін көрді. Ақтық сында төрешілер екеуінің де қолын көтергенде ешкім де «мұның не?» дей алмас еді.

– Біздің ұлттық құрама үшін 52 келі мен 91 келі салмақ дәрежелерінің синдромы жойылмай келеді. Осынау олқылықтың орнын алдағы Олимпиада ойындарына дейін толтыра аламыз ба?

– Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Екі салмақта да болашағынан зор үміт күттіретін жап-жақсы жігіттер бар.

– Мәселен...

– Қазір ешкімнің фамилиясын айтпай-ақ қоялық. Балаларды бұзып алармыз. Ең бастысы, бапкерлер тынбай жұмыс істеп жатыр. Енді санаулы күндерден кейін Атырауда республиканың кезекті чемпионаты өз жалауын көтереді. Сол чемпионатта біраз сұраққа жауап беруі тиіс.

– Жасыратын несі бар, қазақ жанкүйерлеріне әдемі әсер сыйлаған әлем чемпионатының сәнін ең соңғы сәтте Дычконың кескен теректей сұлап түсуі бұзды...

– Енді мұны бокс дейді... Бокста бәрі болады. Әсіресе, аса ауыр салмақта. Мұнда, кейде бәрін бір-ақ соққы шешеді.

– Мұның бәрін түсініп отырмыз. Біздің айтайын дегеніміз, мынадай жеңілістен кейін Дычконың меселі қайтып қалмай ма?

– Дұрыс айтасыз. Меселі қайтып қалуы да мүмкін. Алайда, бәрі де Иванның өзіне байланысты. Біз қолдан келгеннің бәрін істейміз. Көмектесеміз. Жақсылап тынықтырамыз. Мәселе Ваня өзін өзі жеңе ала ма, соған байланысты. Психологиялық тұрғыдан өзін өзі жеңе алса, бәрі де өз қалпына келеді. Мұндай оқиғалар бокс тарихында өте көп. Әріге бармай-ақ қоялық, 91 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ресейлік Чахкиев те осындай өте ауыр нокаут алған. Психологиялық тұрғыдан өзін өзі жеңе білгенінің арқасында көп ұзамай ол Пекин Олимпиадасында топ жарды. Ресейлік Егор Мехонцев те жаттығу кезінде нокаутқа түсті. Тіпті, ол нокауттан кейін Мехонцевтің боксты одан әрі жалғастыруы да екіталай сияқты көрінген. Мехонцев жалғастырды. Жалғастырып қана қойған жоқ, артынан әлем чемпионатын ұтып алды.

– Алдағы жоспарларыңыз жайында айта отырсаңыз...

– Әлем чемпионаты аяқталды, алайда, өмір жалғасып жатыр. Қол жеткізген табыстың бәрі өткен күннің еншісіне кетті. Енді бізге алдағы табыстар үшін жұмыс істеу керек. Жаңа жыл мерекесі өте салысымен Азия Ойындарына даярлықты бастап кетеміз. Оған дейін алдағы қараша айында Атырауда ел чемпионаты өтетінін айттым. Ол сынға Алматыда аяқталған әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыспайды. Ол сегіз жігітке демалыс бергенді жөн деп таптық. Демек, әлем чемпионатында олжа салған жігіттердің көлеңкесінде жүрген жастарға өздерін танытатын мүмкіндік мол болып тұр. Ел чемпионатында жүлдеге ілінген боксшыларды халықаралық жарыстарға салып көреміз. Олардың ішінде ұлттық құрамаға мүше болуға лайық жігіттер болса, орын дайын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или