Астанада бокстан халықаралық турнир өтеді

Астанада бокстан халықаралық турнир өтеді

Астанада 5-11 маусым аралығында «Дәулет» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы өтеді. Оған бірқатар шетелдік командалар мен қазақстандық боксшылар қатысады, деп хабарлайды prosports.kz сайты бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл турнирде ерлер он салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында тек төрт салмақ (51, 57, 60, 75 келі) санатында ғана жарыстар өтеді.

Өткен жылы аталған турнирге әлемнің он елінен келген 31 әйел және 82 ер боксшы қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар биыл қатысушылар саны бұдан көп болады деп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или