Сағадат Раxманқұл колумбиялық қарсыласынан басым түсті

Сағадат Раxманқұл колумбиялық қарсыласынан басым түсті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Раxманқұл колумбиялық боксшыны жеңді.

Кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін АҚШ елінде өткізеген Сағадат Раxманқұл кезекті жеңісіне қол жеткізді. <br /><br />Отандасымыз жеңіліп көрмеген колумбиялық Джон Леонмен (3-0 2 КО) 6 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бірінші орта салмақта сынға түскен Сағадаттың қарсыласы өз мықтылығын көрсетіп, отандасымызға әжептеуір тегеуірін көрсетті.<br /><br />Айта кетейік, Сағадат Раxманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін америкалық Ноэл Ескудаға (8-5-2, 6 КО) қарсы өткізіп, 5-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или