Амир Хан: Альварестің алаяқтық жасағанын бәрі біледі

Амир Хан: Альварестің алаяқтық жасағанын бәрі біледі

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан допингпен ұсталып алты айға спорттан шеттетілген Сауль Альварес жайлы ойын айтты.

«Бұл енді ештеңені білдірмейді. Боксқа енді келіп жатқан жас боксшыларда «мен де әртүрлі заттар қабылдап алты айға спорттан шеттетілсем болады екен» деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Мен оны өмір бойыны немесе бірнеше жылға спорттан шеттетеді деп ойлап едім. Бұл жағдайлардың бәрі спортшыларды тиым салынған заттарды қабылдауға итермелейді. Алты ай дегеніңіз бар болғаны бір-ақ кездесу. Қалай болған жағдайда да Канело алаяқтық жасағанын жұрт білетін болды», - дейді Хан.

Естеріңізде болса, Альварес Головкинмен екінші кездесу өткізу керек болатын.

Алайда, мексикалық боксшы допингпен ұсталып спорттан алты айға шеттетілді. Ал Головкин болса өзіне келесі қарсылас ретінде Ванес Мартиросянды таңдап алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или