Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билетін қаншаға алуға болады
Калифорнияда 5 мамыр күні өтетін Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның арасындағы жекпе-жектің билеттері қанша тұратыны белгілі болды.
Билеттің ең арзаны - $53 (шамамен 17 мың теңге), ал ең қымбаты - $767 (шамамен 250 мың теңге).<span> </span>Жекпе-жек жергілікті уақытпен кешкі 20:00-де басталады. Ал қазақстандықтар оны 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат таңғы 9:00-де тамашалай алады.
Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді, ал қазақстандық телеарналар туралы әзірге ақпарат жоқ.
Еске салсақ, допинг дауына тап болған<span> Сауль Альварестің орнына Головкинмен бесінші мамыр күні америкалық боксшы Ванес Мартиросян қолғап түйістіреді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или