Александр Недовесов Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (242) Наньчан (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
<span>Ширек финалда отандасымыз үндістандық Рамкумар Раманатанды (116) жарыс жолынан шығарды. 1 сағат 29 минутқа созылған кездесу 6:2, 7:5 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. </span>
<span>Недовесов келесі кезеңде франциялық Кальвин Эмеримен (130) кездеседі. Бұл матч ертең Астана уақытымен 10:30-да басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или