Шарипова белбеулер саны бойынша Головкинді басып озбақ

Шарипова белбеулер саны бойынша Головкинді басып озбақ

<span>Әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, екі дивизион белдеулерінің иесі Фируза Шарипова тағы бір салмақ санатының титулдарын жеңіп алуға ниетті. Бұл туралы  SPORTINFORM жазды. </span>

<span>Маусым айында Санкт-Петербургте Шариповамен кездесу өткізуге аргентиналық Анна Лаура Эстече үміткер болып отыр. Ол - бірінші жартылай орта салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Егер Шарипова жеңіске жетсе, үш салмақта әлем чемпионы болып, Қазақстанның рекордын орнатады. Қазір оның еншісінде екінші жартылай жеңіл салмақтың IBO белбеуі, жеңіл салмақтың WIBA және WBU белбеулері бар. </span>

<span>Қазақстандық боксшының Монакода 24 қазанда екінші жартылай жеңіл салмақта әлем рейтингінің бірінші нөмірі, финляндиялық Ева Вальстроммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. </span>

<span>Айта кетейік, даңқты боксшы Геннадий Головкин қазір орта салмақтың төрт бірдей белдігіне ие болып отыр: WBC, WBA (Super), IBF және IBO. Егер Шарипова жеңіске жетсе, ол Головкинді де артқа қалдырады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или