Милена Колева: Фируза Шарипова WBC чемпионы атанады

Милена Колева: Фируза Шарипова WBC чемпионы атанады

Фируза Шарипованың бұрынғы қарсыласы Милена Колева қазақстандық боксшының WBC чемпионы Ева Вальстреммен алдағы жекпе-жегі жайлы ойын айтты.

«Фируза Шарипова жекпе-жекті сәтті өткізеді деп ойлаймын. Ол мықты боксшы және WBC чемпионы атанады. Себебі ол бұл белбеуге лайықты. Фируза рингте жеңімпаз атана алады, оған тілектеспін», - деді Колева.

Айта кетейік, Шарипова 2017 жылы 26 тамызда Колеваны төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

Енді қазақстандық боксшы 24 қазанда Монакода финляндиялық Ева Вальстреммен жұдырықтасады. Боксшылар Шариповаға тиесілі IBO чемпиондық белбеуі мен Вальстремнің WBC титулын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или