Сергей Деревянченко: Головкин менен неліктен қашып жүргенін түсінбеймін

Сергей Деревянченко: Головкин менен неліктен қашып жүргенін түсінбеймін

<span>IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченко Геннадий Головкинді міндеттемесін орындап, өзіне қарсы жекпе-жек өткізуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>«</span>Титулдық жекпе-жек өткізуге қажетті жолды жүріп өттім. Келесі жекпе-жегімді Головкинге қарсы өткізуге дайынмын және келісім беремін. Ол кез келген уақытта кіммен болса да айқасатынын айтты. Неге менен қашып жүргенін түсінбеймін<span>»</span>, — деді Деревянченко The Ring-ке берген сұхбатында.  

Бүгін IBF Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянмен өтуі мүмкін жекпе-жегіне рұқсат беруден бас тартқаны белгілі болды. Енді ұйым GGG-ден өздерінің нұсқасы бойынша чемпиондық титулды босатуды талап етуі мүмкін.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или