Азия чемпионатына Қазақстан боксшылары толық құрамда қатысады

Азия чемпионатына Қазақстан боксшылары толық құрамда қатысады

19-28 сәуір күндері Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. 10 салмақ санаты бойынша өтетін байрақты додаға Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары толық құрамда қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>«Алдағы құрлық чемпионатына қатысушы елдердің саны рекордтық көрсеткіш болады. Онда Азияның 35 елінен келген 235 боксшы өзара мықтыларды анықтайды. Жастар арасындағы құрлық біріншілігіне Ауғанстан, Шығыс Тимор, Камбоджа, Катар, Ливан, БАӘ, Солтүстік Корея өкілдері алғаш рет қатысады. Азия чемпионаттарының дебютанты болып отырған Шығыс Тимор командасын ерекше тілге тиек ете кеткен жөн. Азияда бокстың құлаш жая дамып келе жатқаны, әрине, қуантады», - дейді Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или