Флойд Мейвезер: Боксқа қайта оралмайтынымды нақты білемін

Флойд Мейвезер: Боксқа қайта оралмайтынымды нақты білемін

Бокстан бірнеше салмақта әлем чемпионы болған кіші Флойд Мейвезер боксқа мүлдем оралмайтынын айтты, деп хабарлайды  Championat.com сайты.

Әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі Флойд Мейвезер былғары қолғапты қайта киюге құлқы жоқ екенін айтып, шаршы алаңға ешқашан қайта оралмайтынын жеткізді. Ол өз сөзінде: «Мен қалаған нәрсемді істей аламын. Мен өз-өзіме ешқашан шектеу қоймаймын. Мен – кіші Флойдпын, мен боксқа қайта оралмайтынымды нақты білемін. Жақын арада жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшымен сегізбұрышта жұдырықтасамын деп ойлаймын», – деді Флойд.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер спортқа оралса, тек аралас жекпе-жекте өнер көрсету үшін оралатынын айтқан болатын. Америкалық боксшы 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или