Флойд Мейвезер: Боксқа қайта оралмайтынымды нақты білемін

Флойд Мейвезер: Боксқа қайта оралмайтынымды нақты білемін

<span>Бокстан бірнеше салмақта әлем чемпионы болған кіші Флойд Мейвезер боксқа мүлдем оралмайтынын айтты, деп хабарлайды Qsport.kz. </span>

<span>Әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі Флойд Мейвезер былғары қолғапты қайта киюге құлқы жоқ екенін айтып, шаршы алаңға ешқашан қайта оралмайтынын жеткізді.</span>

<span>- Мен қалаған нәрсемді істей аламын. Мен өз-өзіме ешқашан шектеу қоймаймын. Мен – кіші Флойдпын, мен боксқа қайта оралмайтынымды нақты білемін. Жақын арада жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшымен сегізбұрышта жұдырықтасамын деп ойлаймын, – деді Флойд.</span>

<span>Айта кетейік, Флойд Мейвезер спортқа оралса, тек аралас жекпе-жекте өнер көрсету үшін оралатынын айтқан болатын. Америкалық боксшы 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или